About American Councils Kazakhstan

Қазақстандағы Американдық Кеңестер туралы

«Халықаралық білім беру жөніндегі Американдық Кеңестер, АСПРЯЛ/АКСЕЛС» өкілдігі Қазақстанда 1994 жылдан бастап жұмыс істейді. Біздің бас кеңсеміз еліміздің ең ірі қаласы және қаржы орталығы - Алматыда орналасқан.

Соңғы 30 жыл ішінде біз мәдени алмасу, білім беру және кәсіби дамудың көптеген бағдарламаларын жүзеге асырдық. Қазақстандық оқушыларға арналған FLEX Global бағдарламасы сияқты бағдарламаларды басқарумен қатар, Американдық Кеңестер АҚШ университеттері мен колледждерінде оқуға қызығушылық танытқан студенттерге EducationUSA ақпараттық-кеңес беру орталықтарында академиялық тегін кеңес беру қызметтерін ұсынады.

Біздің қазіргі бағдарламаларымыз адамдарға оқуға, мәдениетпен алмасуға және дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Американдық Кеңестер Туралы

Әлемдегі ең табысты институттар мен елдер мәдени алмасу, тілдік дайындық және кәсіби даму арқылы Халықаралық білім беру жөніндегі Американдық Кеңестерімен жұмыс істейді.

1974 жылдан бастап біздің білім беру портфолиосымыз ұлттық қауіпсіздік, өркендеу және бейбітшілік үшін маңызды 184 елге дейін кеңейді. Біздің бағдарламаларымыз олардың сапасы мен тұтастығын қамтамасыз ету үшін мұқият зерттеулермен қамтамасыз етілген. Біздің қатысушылар жоғары мектептен бастап постдокторлық және кәсіби деңгейге дейін оқушылардың кең спектрін қамтиды.

Бүгінгі таңда біз 120 000-нан астам түлектер қауымдастығын құрдық, оның ішінде ұлттық көшбасшылар, министрлер, парламент мүшелері, елшілер мен компания басшылары бар.

Біздің миссиямыз:

Америкалық Кеңестер адамдарды тереңдетілген оқытуға тарту және ортақ бейбітшілік пен гүлденуді ілгерілету мақсатында американдықтар мен бүкіл әлем халықтар арасында стратегиялық ынтымақтастық желілерін құру арқылы білім беру, экономикалық өсу және дипломатия тоғысында инновацияларды жүзеге асырады.

Біздің ұстанымыз:

Америка Құрама Штаттары мен басқа елдер арасында білім беру арқылы оң өзгерістерге жол ашылып, адамдар мен ұйымдардың заман талабына бейімделуіне, көш бастауына әрі өркендеуіне мүмкіндік берілетін әлем.

‍ ‍

 

Байланыс:

"Халықаралық білім беру жөніндегі Американдық Кеңестер, АСПРЯЛ/АКСЕЛС" корпорациясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

+7 727 291 92 26
+7 727 291 92 35
+7 727 291 92 59

Қазыбек би 20A, 3-қабат

Алматы қаласы, Қазақстан 050010