
Америкалық Орталық-Азия Білім Қоры (U.S.-CAEF)
Америкалық Орталық-Азия Білім Қорының шәкіртақы бағдарламасы АҚШ-тың Мемлекеттік Департаментімен қаржыландырылатын және Халықаралық Білім Беру бойынша Америкалық кеңестерімен басқарылатын академиялық шәкіртақы бағдарламасы болып табылады.
Студенттік шәкіртақы бағдарламасы:бизнес басқару, экономика, бағдарламалық инженерия немесе қолданбалы математика және информатиканың академиялық бағдарламаларында төрт жыл бакалавр деңгейінде ақысыз білім алу мүмкіндігін ұсынады. Шәкіртақы студенттердің америкалық гуманитарлы білім беру дәстүріндегі халықаралық, көп салалы оқыту қауымдастығының Америкалық Орталық Азия Университетіне түсуге қамтамасыз етеді. Бұл шәкіртақы білікті студенттердің академиялық үлгерімі және қаржылық жағдайына қарай беріледі. Жыл сайын бағдарлама Америкалық Орталық Азиялық Университетінде оқу үшін шамамен 30 студентке шәкіртақы ұсынады. Шәкірақы алушылардың академиялық өмірі тек дәрістегі сабақтармен шектелмей, сонымен қатар - нетворкинг, тренингтер мен жергілікті және халықаралық ақылы тағылымдамалар сияқты кәсіби білімді арттыру мүмкіндіктеріне толы.
U.S.-CAEF қоры АҚШ Үкіметі мен халқына осы бағдарламаны жүзеге асыруды қолдағаны үшін ризашылығын білдіреді.
Бағдарламаның талаптары:
Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, немесе Өзбекістан мемлекеттерінің азаматтығы бар тұрақты тұрғыны болу;
Өтініш беру кезеңінде ағылшын тілін ауызша және жазбаша жетік білу;
Академиялық шеберлікті, қаржылық қажеттілікті, кәсіптік қабілет пен бизнес саласындағы көшбасшылық әлеуетті көрсете білу;
Университет бекіткен 2021-2022 оқу жылының басынан академиялық бағдарламаны оқып бастау мүмкіндігі бар;
Барлық қажетті иммиграциялық құжаттарды алу және жинау мүмкіндігі бар;
Бағдарламаны аяқтағаннан кейін өз мемлекетінің бизнес қауымдастығына және экономикасын дамытуға үлес қосу үшін еліне немесе аймағына оралуға (әлде қалуға) ынтасы бар азаматтар;
Байланыс деректері
uscaef.kz@americancouncils.org
Біз әлеуметтік желдеріндеміз: