C5+O.N.E. бағдарламасы аясында: Қазақстандық оқытушы – Алуа Түсіпбекова
«Ағылшын тілі біз үшін жай ғана тіл емес», – дейді C5+O.N.E. (Opening Networks through English) бағдарламасының оқытушысы Алуа Түсіпбекова. «Ағылшын тілі – бұл ынтымақтастыққа, инвестицияларға және нақты мүмкіндіктерге жол».
Алуа Түсіпбекова — ағылшын тілін үйрету арқылы Орталық Азиядағы экономикалық дамуға және АҚШ-пен әріптестік байланыстарды нығайтуға бағытталған өңірлік бағдарлама – C5+O.N.E. қатысушысы. Қазіргі уақытта ол Алматы қаласында экономикалық ағылшынға маманданған төртінші когортаға сабақ беріп жүр.
C5+O.N.E. бағдарламасына қатысудың арқасында Алуа армандаған мансабын құра алды. Қаржы саласындағы тәжірибесі бар ол өз білімін студенттермен бөлісіп, оларға ағылшын тілін үйретуде. Қазақстанның бес қаласында — Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау және Атырауда — 200-ден астам қатысушы ағылшын тілін меңгеріп, халықаралық әріптестермен жұмыс істеуге сенімділігін арттыруда.
Алуа өз студенттерінің білімге деген құштарлығы мен табандылығынан шабыт алады. «Олардың көпшілігі жауапты қызметте жұмыс істейді әрі отбасылық міндеттерді қатар алып жүреді, — дейді ол. — Бірақ күннің аяғында шаршаса да, сабақтарға тұрақты қатысады, өйткені ағылшын тілінің қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеді».
Төртінші когортаға Орталық Азияның түкпір-түкпірінен мемлекеттік және бизнес саласының 700-ден астам өкілі қабылданып, C5+O.N.E. түлектері желісінің қатарын 800-ден астам адамға жеткізді. Ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгерген және мықты өңірлік байланыс орнатқан түлектер аймақтың өзара ықпалдастығын арттырып, АҚШ-пен экономикалық қарым-қатынасты нығайту арқылы ортақ өркендеуге үлес қосуда.